Мектебімізде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың 95
Мектебімізде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған тағылымды кездесу өтті. Шараға ақынның баласы мен келіні арнайы қонақ ретінде қатысып, ақынның өмірі, шығармашылығы және адамгершілік қасиеттері туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті. Кездесу барысында оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, ақын мұрасына деген құрметтерін білдірді. Қонақтар жастарды поэзияны сүйіп оқуға, ана тілін қадірлеуге шақырды. Бұл кездесу оқушыларға рухани әсер беріп, ақын