ХАБАРЛАНДЫРУ КММ Алматы қаласы Жетісу ауданы №103 мектеп-гимназия, мекен жайы: Алматы қаласы Жетісу ауданы, Қыдырбекұлы 158,байланыс тел: 8(727) 295-57-77электронды почта mektep103almatybilim.kz орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлер » КГУ "Школа-гимназия №103" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№103 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 295-57-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-03-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХАБАРЛАНДЫРУ КММ Алматы қаласы Жетісу ауданы №103 мектеп-гимназия, мекен жайы: Алматы қаласы Жетісу ауданы, Қыдырбекұлы 158,байланыс тел: 8(727) 295-57-77электронды почта mektep103almatybilim.kz орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлер
20
қазан
2026

ХАБАРЛАНДЫРУ КММ Алматы қаласы Жетісу ауданы №103 мектеп-гимназия, мекен жайы: Алматы қаласы Жетісу ауданы, Қыдырбекұлы 158,байланыс тел: 8(727) 295-57-77электронды почта mektep103almatybilim.kz орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлер




ХАБАРЛАНДЫРУ

Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес  Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібі ережесіне сәйкес   2026 жылдың 20 қазанынан КММ Алматы қаласы Жетісу ауданы №103 мектеп-гимназиясыконкурс жариялайды.


КММ Алматы қаласы Жетісу ауданы №103 мектеп-гимназия, мекен жайы: Алматы қаласы Жетісу ауданы, Қыдырбекұлы 158,байланыс тел: 8(727) 295-57-77электронды почта mektep103almatybilim.kz

орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы;

педагог-психолог  бос орынға   (1 штаттық бірлік),  еңбекке ақы төлеу: жүктемесі, еңбек өтілі мен санатына сәйкес  

      негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы;

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:  еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер санаты бар, соңғы 3 жылда білім жетілдіру курстарынан өткен педагог.

Педагогтерді орта білім беру ұйымдарына лауазымдарға тағайындау конкурсы "Педагогті жұмысқа қабылдау" модулінде (бұдан әрі - Модуль) (https://hr-nobd.edu.kz/) жүзеге асырылады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы бойынша GPA 3,33 балдан төмен емес оқу нәтижесімен бітірген тұлғалар сертификаттаудан өткені туралы құжаты болған жағдайда, конкурстық рәсімдерден өтпей жұмысқа қабылданады. Егер педагогтің бір бос лауазымына аталған санаттағы екі немесе одан да көп тұлға үміткер болған жағдайда, таңдау GPA ең жоғары балы бойынша жүзеге асырылады.

 Конкурсқа Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар ұсынған педагогтер қатысады.

  112. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      113. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

      11) осы Қағидаларға12, 13-қосымшаларғасәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

      114. Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.

уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі: уақытша  жұмыс.