"Парасатты отбасы" байқауынан жүлделі 1-орын
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, "Алматы - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі және Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып парасатты отбасы қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында 2019 жылдың 4 желтоқсаны күні, Жетісу аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық "Парасатты отбасы" байқауы өткізілді. "Парасатты отбасы" байқауына әділ баға берген әділ қазы алқасының мүшелері: Жетісу аудандық Білім бөлімінің басшысы - Кусаинова Салтанат Амангельдиевна, Жетісу аудандық Білім бөлімінің бас маманы - Тынышбаева Жанна Кадылхановна, Жетісу ауданы әкімінің аппаратынан - Мұрынова Жанат Шарапхановна, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істері жөніндегі орынбасары - Қойлыбаев Еркебұлан Берикжанович; Жетісу аудандық "Ұстаз" кәсіподақ ұйымы төрайымының міндетін атқарушы - Егемова Қыздығой Байшыгаровна. Байқауға Жетісу ауданынан жалпы 8 мектептің отбасы мүшелері қатысып, жүлделі 1-орынға ие болған №103 мектеп-гимназиясынан қатысқан "Нүсіпәлілер отбасысын" шын жүректен құттықтай отырып, мектептің абыройын көтерген мерейлы отбасына үлкен алғысымызды білдіреміз! Отбасыларыңызға тек амандық, адал да саналы ұрпақтарыңыз көбейе берсін!