«Тәуелсіздіктің кіндігі-Желтоқсан» тақырыбында қолөнер көрмесі » КГУ "Школа-гимназия №103" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№103 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 295-57-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-03-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіздіктің кіндігі-Желтоқсан» тақырыбында қолөнер көрмесі
10
желтоқсан
2021

«Тәуелсіздіктің кіндігі-Желтоқсан» тақырыбында қолөнер көрмесі

 Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты #103 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай «Тәуелсіздіктің кіндігі-Желтоқсан» тақырыбында қолөнер көрмесі өткізілді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған көрменің мақсаты – жас ұрпаққа қазақ халқының ұлттық қолтаңбасын, өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, мақтаныш ету. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің қазақ халқына оңай жолмен келмегендігін оқушыларға насихаттау.
Аталған іс-шараға оқушылар белсенді түрде үлкен қызығушылық танытқан. Сондай-ақ көрмеге мектептегі жоғары сынып оқушылары толық қатысты.
Биыл Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында атаулы мереке жаппай тойланып жатыр. Осынау ұланғайыр жерімізді ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшіменен қорғады. Сондықтан аталған мерекеге байланысты мектеп әкімшілігі «Тәуелсіздік кіндігі-Желтоқсан» атты көрмесін өткізуді ұйғарды. Бұл біздің Тәуелсіздікке қосқан үлесіміз болмақ. Туымыз мәңгі көкте желбірей берсін, егемендігіміз құтты болсын! - деді мектеп директоры А. К. Умурзакова.