«Ұшқыр ой алаңы» атты мектепішілік дебат турнирі
Алматы қаласы,Жетісу ауданы #103 мектеп-гимназияда «Ұшқыр ой алаңы» атты мектепішілік дебат турнирі өтті. Жалпы дебат турнирінің мақсаты оқушының ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Заман талабының сұранысына саласы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру. Мектеп оқушыларын үйірмеге тарту. Мектепішілік пікірсайыс турнирлерін ұйымдастыру, үздіктерді анықтап, ынталандыру. Мектеп намысын қорғайтын үздік оқушыларды анықтау. Мектеп оқушыларын аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық пікірсайыс турнирлеріне қатыстыру, тәжірибе алмасу арқылы үздік натижелерге қол жеткізу.
Дебат турнирі "Американдық Парламенттік" (АПФ) форматы бойынша жүргізілді.
Жалпы 30 шақты оқушыдан іріктеліп, 4 команда жинақталды.
1. "Жастар" тобы»
2. "Бүркіт" тобы»
3. «Арлан» тобы
4 «Жалын» тобы
Бірінші раундта «БП зиянды тағамдарға салық салады» қарар таңдалды. Екінші раундта «БП жоғары білімі жоқ бизнесмендердің жетістік тарихын кең насихаттауға қарсы» тақырыбы таңдалды. «Жастар» тобы мен «Арлан» тобы ұпай санымен алға шықты. Финалға «Арлан» түсінігі жоқ әлемді таңдайды карар таңдалды. Дебат қызықты өтті.