Ұлыстың ұлы күні!
Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін , Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін №103 мектеп-гимназия ұжымы жоғары жауапкершілікпен атап өтті.
Мереке мектепішілік құрылған жоспар бойынша өтті. Мемлекеттік деңгейде аталып отырған мерекенің негізгі мақсаты: оқушыларға Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі туралы мағлұмат беру, еліміздің салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын құрметтеуге және оқушылардың ой-өрісін дамытумен бірге талғампаздыққа, әсемдікке баулу.
2022 жылдың 18-наурызында 1-5 сынып тойласа, 16- сәуір күні 6-11-сынып оқушылары «Наурыз думан» атты мерекелік іс-шара мектеп әкімшілігі мен қазақ тілі пәні мұғалімдерінің бастамасымен өз деңгейінде өтті. Мерекелік шара сайыс түрінде ұйымдастырылып, «Ең әдемі дастархан», «Ең дәмді көже» және «Ең керемет дәстүр» атты 3 кезеңнен тұрды.
Әр сынып, аса қасиетті - Наурыз көжеден дәм тата отырып, дәстүрлерін көрсетті. Дастархан тәтті-дәмді ұлттық тағамдарға толы болды. Бұл дәмнен барлығы ауыз тиіп, үстел басындағы оқушылар бір-біріне ақ тілектерін жаудырды.
