Ұлы Жеңіске 77 жыл! » КГУ "Школа-гимназия №103" Управления образования г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 295-57-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-03-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
май
2022

Ұлы Жеңіске 77 жыл!

Ұлы Жеңістің 77 жылдығы да келді. Осы жылдар арасында талай оқиға халқымыздың басынан өтті, бірақ соғыстың зардабы әлі де есімізде. Жау әскеріне тойтарыс беру үшін көптеген адам сенгісіз ерлік жасады. Араларында өз өмірін аямай, Отан үшін жан беріп, талай жас қыршынынан қиылды.

Бұл ерліктерінізді болашақ ұрпақ ұмытқан жоқ , сіздерді мақтан тұтуда. Көбіңіз бүгінгі бейбіт күнге жете алмадыңыз, бірақ сіздердің есіміңіз тарихта мәңгілікке қалады.

Отан қорғаушы қандай болу керек деген сұрақ туғанда, әлбетте, бірінші ретте мыңдаған қазақ батырлары есімізге түседі. Халқымыздың жастары батырларымызға қарап өз бойында патриоттық сезімді тәрбиелеуде.

Құрметті Батырлар! Біз, қазақ елінің жастары, аманат етіп қалдырған елімізді сақтауға, оны құрметтеп дәріптеуге сіздерге уәде береміз. Осы көріп отырған бейбіт күнімізге сіздерге алғысымызды білдіреміз!
(ой толғау ДТІЖО КаршаловаА.Д.) @zhetisu.roo
@almatydaryny @edu.almaty @umurzakovaaigul2021