«Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны » КГУ "Школа-гимназия №103" Управления образования г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 295-57-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-03-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
май
2022

«Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны

24 мамыр күні сағат 12:00 де бастауыш 2.3.4 сыныптарға арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиыны болып өтті.
«Соңғы қоңырау» салтанатты жиынына мектеп ауласы шарлармен, жалаушалармен, плакаттармен, гүлдермен безендірілді. Сондай-ақ «Соңғы қоңырау» салтанaтты жиынын өткізуге арналған арнайы сценарий құрылды. Салтанaтты жиынның өтілу барысы төмендегідей:
Салтанатты жиын "Күншуақ" домбыра ансамблінің қазақ халқының ұлттық аспабы домбырада ойналған күйден басталды. «Соңғы қоңырау» әнімен мектебіміздің озат оқушылары мен мектеп мақтаныштары ортаға шақырылды. Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директорының орынбасары Батырханова Үміт Көктеубаевнаға берілді. Биылғы оқу жылғы мектеп үздіктерін директордың ОІЖО және ДТІЖО Каршалова А.Д. марапаттады. Оқушыларымыз ән айтып, би билеп көңіл-күйлері жоғары дәрежеде болды. Ата-аналар өткізілген іс—шараға толасыз алғыстарын айтты.
Кезекшілік ұйымдастырылып, ешқандай тәртіп бұзушылық болған жоқ.
«Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны жоспарланған іс-шаралар бойынша толығымен атқарылып, өз нәтижесін берді.