ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде 2023 жылдың 16 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған «Ауғанның отты жалыны» көрмесі ашылды. » КГУ "Школа-гимназия №103" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№103 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 295-57-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-03-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде 2023 жылдың 16 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған «Ауғанның отты жалыны» көрмесі ашылды.
16
ақпан
2023

ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде 2023 жылдың 16 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған «Ауғанның отты жалыны» көрмесі ашылды.

16.02.2023 ж. АУҒАННЫҢ ОТТЫ ЖАЛЫНЫ
  Музей қорынан 100-ден аса жәдігер, атап айтқанда, фотосуреттер мен құжаттар, кітаптар мен әскери жәдігерлер қойылды. Олардың қатарында Ауған соғысында құрбан болған және осы отты кешуден аман қалған қазақстандық жауынгерлер мен офицерлердің деректі материалдары, оқиғалардың куәгерлері мен қатысушыларының фотосуреттері, хаттары, куәліктері, наградалары мен жеке заттары және кеңес жауынгерлері мен офицерлерінің, сондай-ақ, олардың қарсыластарының әскери киім-мүліктері болды.

Көрме Қазақстанның «Жауынгерлік бауырластық» жергілікті соғыстар мен әскери қақтығыстар ардагерлері одағының және Алматы қаласындағы Ауғанстан соғысы ардагерлері одағының атсалысуымен ұйымдастырылды. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына арналған «Ауғанның отты жалыны» көрмесін тамашалауға мектебіміздің 10 Ә сынып оқушылары алғашқы әскери пәнінің мұғалімі, ауған соғысының ардагері Арғынбек Төлегентайұлының басшылығымен барды.