27
наурыз
2023
Жетісу ауданы #103 мектеп-гимназиясында кезекті лездеме өтті.
27.03.2023 жылы Жетісу ауданы #103 мектеп-гимназиясында кезекті лездеме өтті. Лездемеде мектеп директоры Умурзакова Айгуль Кенисбековна мектеп ұжымын, оқушыларды
4 тоқсанның басталуымен құттықтап, оқушыларды сабақ босатпау, тәртіпке баса назар аударулары керектігі, жөнсіз қылық, зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Сөз соңында Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2-7 сынып оқушыларына арналған XVIII Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытынды кезеңіне қатысқан мектебіміздің 7 "В" сынып оқушылары Мейрманова Нургайшамен, Ушаков Егорды жүлделі І -ші дәрежелі орынға ие болуымен құттықтады.🥇
