12
сәуір
2023
Жетісу ауданы №103 мектеп-гимназиясының оқушылары арасында шахматтан челлендж өтті.
Алматы қаласы білім басқармасы «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу – тәжірибелік орталығы», Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 12 сәуір күні Астана уақытымен 12:00-де республиканың барлық мектептерінде, мектептен тыс ұйымдарында және колледждерінде, соның ішінде Жетісу ауданы №103 мектеп-гимназиясының оқушылары арасында шахматтан челлендж өтті. Челлендждің мақсаты – шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту және шахмат ойынын насихаттау.
