11
қараша
2025
"Еңбегі адал -жас өркен жобасы аясында 1-7 сыныптар арасында күзгі көрменің ұйымдастырылуы.
"Еңбегі адал -жас өркен жобасы аясында 1-7 сыныптар арасында күзгі көрменің ұйымдастырылуы мен өткізілуі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етті. Көрмеге ұсынылған жұмыстар мазмұндық тереңдігімен, табиғи материалдарды тиімді пайдалануымен және орындау шеберлігімен ерекшеленді. Оқушылардың жоба қорғау барысында өз ойларын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, экологиялық тепе-теңдікті сақтау, табиғатты аялау жөніндегі көзқарастарын нақты мысалдар арқылы жеткізуі олардың зерттеушілік дағдыларының қалыптасқанын көрсетті.
Жалпы алғанда, күзгі көрме оқу-тәрбие процесінің маңызды бөлігі ретінде оқушылардың танымдық белсенділігін, шығармашылық ізденісін және табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыруда жоғары нәтиже берді.
#адал_азамат