ХАБАРЛАНДЫРУ Алматы қаласы Жетісу ауданы №103 мектеп-гимназиясы КММ төмендегі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды
ХАБАРЛАНДЫРУ
Алматы қаласы Жетісу ауданы №103 мектеп-гимназиясы КММ төмендегі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына» сәйкес Алматы қаласы Жетісу ауданы №103 мектеп-гимназиясы КММ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған күн: 2026 жылғы 3 тамыз.
1. Білім беру ұйымы туралы мәлімет
Ұйымның атауы: Алматы қаласы Жетісу ауданы №103 мектеп-гимназиясы КММ.
Мекенжайы: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Қыдырбекұлы көшесі, 158.
Байланыс телефоны: 8 (727) 295-57-77.
Электрондық пошта: mektep103almatybilim.kz.
2. Бос лауазым туралы мәлімет
Лауазым: ағылшын тілі пәні мұғалімі (16 сағат), информатика пәні мұғалімі (16 сағат), педагог-ассистент (1 ставка), математика пәні мұғалімі (24 сағат), орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі (16 сағат)
Жұмыс сипаты: тұрақты жұмыс.
Еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары: педагогтің оқу жүктемесіне, еңбек өтіліне және біліктілік санатына сәйкес қолданыстағы заңнама негізінде белгіленеді.
3. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары
Кандидат Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Педагогтерді орта білім беру ұйымдарына лауазымдарға тағайындау конкурсы «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулінде (https://hr-nobd.edu.kz/) жүзеге асырылады.
4. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау мерзімі
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға құжаттарды қабылдау мерзімі ішінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады:
- Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетіледі – бар болса);
- Үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бойынша динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
- наркологиялық ауру бойынша динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- ағылшын тілі педагогі лауазымына орналасуға кандидат үшін: пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса), не Қағидаларда белгіленген халықаралық сертификаттардың бірі;
- осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
- жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыным хат.
Кандидат болған жағдайда өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, оның ішінде біліктілігін арттыру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдары, біліктілік санаты және басқа да кәсіби жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсына алады.
Қағидалардың 113-тармағында көзделген құжаттардың біреуінің болмауы кандидаттың құжаттарын қайтаруға негіз болып табылады.
6. Қосымша ақпарат
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы бойынша GPA 3,33 балдан төмен емес оқу нәтижесімен бітірген тұлғалар сертификаттаудан өткені туралы құжаты болған жағдайда конкурстық рәсімдерден өтпей жұмысқа қабылданады.
Егер педагогтің бір бос лауазымына осы санаттағы екі немесе одан да көп тұлға үміткер болса, таңдау GPA-дың ең жоғары балы бойынша жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау орны: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Қыдырбекұлы көшесі, 158, №103 мектеп-гимназиясы КММ.
Байланыс телефоны: 8 (727) 295-57-77. 87018433695
Электрондық пошта: mektep103almatybilim.kz.