«Қаныш Сәтбаевқа 125 жыл»
Ғылым күні аясында, 17 сәуір күні, қазақтың көрнекті ғалым-геологы, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті, ірі мемлекет және қоғам қайраткері, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай, 9 «Ә» сыныбында «Қаныш Сәтбаевқа 125 жыл» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды Ұлы геолог ғалымның өмірімен таныстыру; ғылым мен оқуға деген қызығушылықты арттыру.