Ұлы Жеңіске 75 жыл! #жеңісесімдері #Qaharman
Мәліков Адамбай Мәлікұлы 1943 жылы 18 жасында соғысқа шақыртылады, ол кезде Семейдегі генерал Шапочкин атындағы училищеде оқып жүрген еді. Оқуының аяқталуына 2 ай қалғанда Мәскеуге аттанады. Одан кейін балғын жас жауынгер Мәліков Адамбай Венгрияның батысында орналасқан оттай қызып тұрған Балатон көлі шайқасына кавалеристер полкіне бөлініп, жаумен айқасқа түсті. Ел басына ауыр күн туып, ат ауыздығымен су ішіп, толарсақтан қан кешкен сонау қанды соғыс жас жігітті шымырдай шыңдай түсті. Ол оның