"Алматының жыл мұғалімі 2021"
Жетісу ауданы №103 мектеп-гимназиясында Алматы қаласы Білім Басқармасының, Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасына орай Аламаты қаласы орта білім ұйымдарының мұғалімдері арасында өткізілетін "Алматы жыл мұғалімі 2021" мектепішілік байқауға 10 мұғалім қатысты. Байқаудың 1-кезеңінде ұстаздар "Менің жаңашылдық тәжірибем" тақырыбында презентация қорғады. 2021 жылдың ақпан айының 28 күнінен бастап, байқауға қатысушы ұстаздар ашық сабақтар және тәрбие сағаттарын өткізіп, портфолиоларын қорғады.