«ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА АМАНАТ!» ардагерлермен кездесу кеші
06 мамыр күні №2 ЖББМ мен №103 МГ бірлесе отырып, 9 мамыр Жеңіс күніне арналған «ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА АМАНАТ!» тақырыбында ардагерлермен кездесу кешін өткізді. Мақсаты: Жас жеткіншек ұрпақтарды Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа тәрбиелей отырып, патриоттық сезімін ояту. Мерекелік іс - шараға соғыс ардагерлерінің ұрпақтары, тыл ардагерлері арнайы шақырылып, құрмет көрсетілді. Оқушылар патриоттық және жеңіс туралы әндер шырқап, би билеп, өнерлерін көрсетті.