«Тәуелсіздік жетістіктері» атты сынып сағаты
Жетісу ауданына қарасты №103 мектеп-гимназиясында өтті. Ашық тәрбие сағатының мақсаты – білім мен тәрбие беру, оқушыларға 30 жылда еліміз жеткен 30 жетістікті насихаттау. Сынып сағаты мемлекеттік әнұранмен басталды. Дәріс барысында тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізгі қорытындылары мен перспективалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлі туралы айтылды.