"Бақытты отбасы - бақытты ел" ақпараттық-насихаттау акциясы » КГУ "Школа-гимназия №103" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№103 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 295-57-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-03-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бақытты отбасы - бақытты ел" ақпараттық-насихаттау акциясы
29
қараша
2019

"Бақытты отбасы - бақытты ел" ақпараттық-насихаттау акциясы

Жетісу ауданы №103 мектеп-гимназиясында  29-қараша күні  зорлық-зомбылықты ескерту, жолын кесу, зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдарға профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру, сондай-ақ әйелдердің өздерінің құқықтық білімін арттыру мақсатында «Бақытты отбасы - бақытты ел» атты ақпараттық - насихаттау акциясына арнайы іс-шара өткізілді.
Іс-шараға  Жетісу ауданының әлеуметтік саласының жетекшісі Ерлан Ескендірұлы,Жетісу ауданының полиция майоры,инспектор-Курбанбаева Гульмира және психолог Назгуль  Айтмурзаевна қатысты. Акция барысында «Бақытты отбасы - бақытты ел» тақырыбына
оқушылар арасында сурет салу және эссе байқаулары ұйымдастырылған болатын.Кеш барысында Алматы қаласы Жетісу ауданының полиция бөлімінің бастығы әрі  полиция полковнигі Д.Мұсановтың қолымен аудан бойынша  жүлделі  орынға мектебіміздің 5 оқушысы ие болып,марапатталды. Марапатталған оқушыларға Жетісу ауданы әкімшілігі атынан оқушыларымызға түгелдей бағалы сыйлықтар табыс етілді. Шексіз алғысымызды білдіреміз.