Түркістан облысы Мақтарал ауданының елдімекендерін су басып, 30 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. » КГУ "Школа-гимназия №103" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№103 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 295-57-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-03-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Түркістан облысы Мақтарал ауданының елдімекендерін су басып, 30 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды.
06
мамыр
2020

Түркістан облысы Мақтарал ауданының елдімекендерін су басып, 30 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды.

#Repost @baibekbk
• • • • • •
Құрметті достар! Өздеріңізге мәлім, көршілес Өзбекстанда су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысы Мақтарал ауданының елдімекендерін су басып, 30 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға тез арада тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен бастап «Nur Otan» бұдан сырт қалмады. Партия филиалы мен мүшелері зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсетуде.

Бүгін партияның Орталық аппараты елордадан Түркістан облысына 40 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік пен бірінші кезекте қажет тауарларды жөнелтті. Су тасқыны болған жерде тікелей «Jas Otan» волонтерларынан штаб құрылды. Олар зардап шеккен тұрғындарға жүкті үлестіріп беруге атсалысады.

***

Дорогие друзья! Как вы знаете, из-за прорыва дамбы в соседнем Узбекистане были подтоплены населенные пункты Мактааральского района Туркестанской области, более 30 тысяч жителей эвакуировано.

Глава государства Касым-Жомарт Токаев поручил правительственной комиссии незамедлительно провести работу по восстановлению жилья, инфраструктуры и оказанию социальной поддержки населению.

С первых дней чрезвычайной ситуации «Nur Otan» не остается в стороне. Филиал и члены партии оказывают посильную помощь пострадавшим жителям.

Сегодня Центральным аппаратом партии из столицы в Туркестанскую область направлено более 40 тонн гуманитарной помощи, в том числе продукты питания и личной гигиены. Непосредственно на месте создан штаб из числа волонтеров «Jas Otan» для распределения груза среди нуждающихся.