27
наурыз
2021
"Алматының жыл мұғалімі 2021"
Жетісу ауданы №103 мектеп-гимназиясында Алматы қаласы Білім Басқармасының, Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасына орай Аламаты қаласы орта білім ұйымдарының мұғалімдері арасында өткізілетін "Алматы жыл мұғалімі 2021" мектепішілік байқауға 10 мұғалім қатысты. Байқаудың 1-кезеңінде ұстаздар "Менің жаңашылдық тәжірибем" тақырыбында презентация қорғады. 2021 жылдың ақпан айының 28 күнінен бастап, байқауға қатысушы ұстаздар ашық сабақтар және тәрбие сағаттарын өткізіп, портфолиоларын қорғады. Жеңімпаз болып математика пәнінің мұғалімі - Бостанов Мейірбек Мамадәліұлы байқаудың аудандық кезеңіне жолдама алды.

