Ұлттық спорт түрі "Құсбегілік". Жетекшісі: Кодеков Е.
Алматы қаласы Жетісу ауданы #103 мектеп-гимназиясында мектепішілік жоспарға сай үйірмелер мен спорттық секциялар жұмыс жасауда. Үйірменің ерекше бір түрі ол Ұлттық спорт түрі "Құсбегілік". Жетекшісі: Кодеков Е.
Қазақ ұлтының қанына сіңген, көшпенділер өмірінен берік орын алған үлкен өнердің бір түрі – құсбегілік. Адамзат тарихындағы елеулі жаңалықтардың бірі де дәл осы құсбегілік өнер. Ұлы Абайдың мынандай өлеңі бар: Құсты жисаң – бүркіт жи, Қыс тоныңды түлкі етер. Бұлғын, сусын киінтіп, Азбас, тозбас мүлкі етер. Өнердің бұл түрі қазаққа етене жақын болғандықтан, құсбегілік біздің ұлтымыздың ерекшелігін айқындап, болмысын айшықтайтындай. Оған дәлел ретінде әлемдегі бірде-бір елдің мемлекеттік рәміздерінде кездеспейтін қыран бүркіттің тек Қазақстанның ғана Туында көрініс тапқандығын айтуға болады. Сонымен бірге құсбегілікті Ұлттық спорт түрінің бірі ретінде кіргізген де қазақ елі.