09
желтоқсан
2022
"Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" күніне орай еліміздегі жемқорлыққа қарсы тұрып, алдын алу және жою мақсатында #103 мектеп-гимназиясында "Жемқорлыққа жол жоқ" атты т
Жетісу аудандық білім бөлімінің тапсырмасы негізінде " желтоқсан айында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" күніне орай еліміздегі жемқорлыққа қарсы тұрып, алдын алу және жою мақсатында #103 мектеп-гимназиясында "Жемқорлыққа жол жоқ" атты тақырыбында Н.К.Батырханова дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты:
1. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру;
2. Өз ойларын еркін жеткізе білуге қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту
3. Патриоттық тәрбиені қалыптастыру.
Сонымен қатар мектеп қабырғасына "Жемқорлық балалар көзімен" тақырыбына стенгазетер ілініп, "Адал Ұрпақ " еріктілер клубының жұмысы қарқын алуда.





