ЖАС ТҮЛЕК 2023 —Қоңырау үнi.
ЖАС ТҮЛЕК 2023 —Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырғасынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң - солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық. Мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата - аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт. Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады. Құрметті бітіруші түлектер! Мектеп өмірі артта қалды, алдарыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте берулеріңді тілейміз!



