22 наурыз – Жыл басы.
22 наурыз – Жыл басы. Бұл күні жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Күн мен түннің теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі. Бұл күнді қазақ халқы Әз Наурыз деп атайды. Күн мен түн теңелетін, тіршілік атаулы шаттыққа кенелетін Наурыз есте жоқ ықылым заманнан бері үзілмей жалғасып келе жатқан жаңа жылымыз, төл мерекеміз. Жер мен суды кие тұтқан, тұрмысы тіршілікпен тығыз