03
желтоқсан
2019
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдіс бірлестігінің онкүндігі
03.12.2019 ж. Жетісу ауданы №103 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдерінің әдіс бірлестігінің ашылу салтанатына орай саптүзеу өтті. Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдіс бірлестігі апталығының басты мақсаты - математика сабағында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың замануи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру; шығармашылық қабілеттерін арттыру. Апталықтың міндеттері:
- оқушылардың білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу;
- пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату.