1 наурыз - алғыс айту күні! » КГУ "Школа-гимназия №103" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№103 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 295-57-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-03-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
наурыз
2020

1 наурыз - алғыс айту күні!

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, басқа түскен ауыртпашылықты бірге көтере білді.
Сондықтан Алғыс айту күнін тарихқа тағзым ету деп түсінуге де болады. Бүгін Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында ерінбей еңбек етіп, маңдай терін төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. №103 мектеп-гимназиясында 1 наурыз - "Алғыс айту" күні мен "Nur Otan" партиясының құрылу ніне орай "Достық өлкесінің заңы" тақырыбында мерекелік салтанатты саптүзеу өтті.
Мақсаты:
1). Мемлекет басшысының «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясын зерделеу және қазақ халқының алатын орнын сол идеяны жүзеге асырудағы рөлі арқылы оқушылардың бойында Отанына деген патриотизмін тәрбиелеу, рухани - адамгершілігін қалыптастыру;
2) Білім алушылардың этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайларында тағаттылығы мен қарым - қатынас жасау біліктілігін дамыту.