«Алматы БАЛАFEST» » КГУ "Школа-гимназия №103" Управления образования г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 295-57-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-03-80
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
май
2022

«Алматы БАЛАFEST»

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы қаласы Жетісу ауданы #103 мектеп-гимназиясы алғаш рет 2022 жылғы 5 мамырда ауқымды іс-шара – «Алматы БАЛАFEST» қалалық балалар фестиваліне белсенді ат салысуда.
Фестивальдің мақсаты - балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту және қолдау, оларды белсенді демалыс пен спортқа тарту; қалада мерекелік атмосфера құру.
Мектеп аясында жалпы қамту: 1200 ден астам бала.
Фестиваль аясында 7 қалалық байқау ұйымдастырылады. Бірақ мектепішілік кезең 5.05.-14.05. аралығы өткізіледі. Олар:
1. «Жұлдызды сәт» (музыкалық шығармашылық және хореография)
2. «Open Air Спорт» (Спорт және салауатты өмір салты)
3. «Бояулар құпиясы» (бейнелеу өнері)
4. «Хакатон - IT Universe» (IT, дрондар және робототехника)
5. «Өнерлі бала» (сәндік-қолданбалы өнер)
6. «Кітап-білім бұлағы» (әдеби оқу)
7. «Жасыл Алматы» (Экология және қоршаған орта) бағыттары бойынша.

«Алматы БАЛАFEST» балалардың демалысын ұйымдастыру және сауықтыру бойынша жазғы маусымның өзіндік бастамасы болады.
Бүгінде «Алматы БАЛАFEST» балалардың демалысын ұйымдастыру яғни қалалық фестиваліне мектебіміздің оқушылары
«Кітап-білім бұлағы» (әдеби оқу) атты сайысқа түсуді бастап кетті. Сәттілік тілейміз. @kopd_mon_rk #balaqorgau #bala_qorgau #otbasysagaty
@umurzakovaaigul2021 @zhetisu.roo @almatydaryny @edu.almaty @almaty.mektepteri