"Мұғалімге керек ең керемет 101 құрал!" атты семинар тренинг өткізілді » КГУ "Школа-гимназия №103" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№103 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 295-57-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-03-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мұғалімге керек ең керемет 101 құрал!" атты семинар тренинг өткізілді
29
наурыз
2022

"Мұғалімге керек ең керемет 101 құрал!" атты семинар тренинг өткізілді

Алматы қаласы Жетісу ауданы #103 мектеп-гимназиясында мектеп ұстаздарына арналған  . 21-ғасырда кез келген оқушының бойында зерттеу, проблеманы шешу, өз бетінше оқу, ынтымақтастық, деректерді өңдеу, жасау және жобалау дағдыла-рын қалыптастыру үшін белсенді оқу әдіс-тәсілдердің тиімділігі өте зор.

Белсенді әдіс-тәсілдерді педагогикалық қуатты құралдармен ықпалдастыра отырып пайдалану оқушы ойын толық жеткізе білуге, сауатты жазуға дағ-дыланып, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтіп, өмірге деген көзқарасын жан-жақ-ты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашады.
Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттып, ақпаратпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады. Оқушылар теориялық білімі мен практикалық білі-мін ұштастырып, өмірде қолдана алуларына дағдыланады.

Қандай ұстаз болса да оның бастапқы мақсаты алдындағы оқушыны алға жетелеу, ал бағдарлама бізге дайын жол салып беріп отыр. Біз енді сол жолмен жүрсек, сыни тұрғыдан ойлап, алған білімін өмірінде де пайдалана алатын оқушы тәрбиелейтініміз анық.