Жетісу ауданы #103 мектеп  гимназиясында жоспарға сәйкес биылғы 2022-2023 оқу жылының гуманитарлық  апталығы 14 - 24 қараша күндері аралығында өткізілуде. » КГУ "Школа-гимназия №103" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№103 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 295-57-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-03-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетісу ауданы #103 мектеп  гимназиясында жоспарға сәйкес биылғы 2022-2023 оқу жылының гуманитарлық  апталығы 14 - 24 қараша күндері аралығында өткізілуде.
18
қараша
2022

Жетісу ауданы #103 мектеп  гимназиясында жоспарға сәйкес биылғы 2022-2023 оқу жылының гуманитарлық  апталығы 14 - 24 қараша күндері аралығында өткізілуде.

Жетісу ауданы #103 мектеп  гимназиясында жоспарға сәйкес биылғы 2022-2023 оқу жылының гуманитарлық  апталығы 14 - 24 қараша күндері аралығында өткізілуде.
Апталыққа ағылшын тілі пәні бірлестігінің мұғалімдері толық қатысты.
18.11.22 ж. Айтбаева Эльвира Жеткизгеновна 7"В" сыныбымен «My amazing travels » тақырыбына  ашық сабақ өткізді. Шетел тілін үйретудегі мұғалімнің негізгі мақсаты әртүрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу, жазу іскерліктерін арттыру. Сабақта баланың ойын осы сабаққа аударатындай тиімді әдісті қолдана отырып оқушыларды QR- код арқылы топқа бөліп жаңа әдіс тәсілдерін қолданды.
Мұғалім оқушыны ынталандыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты төмендегідей жолдармен өткізді:
- сабақты тақырыпқа байланысты  кестелерді, суреттерді кең көлемде қолданды;
-интерактивті тақтаны қолдану арқылы тақырыпқа қатысты слайд-шоу, видео көрсетілді;
-сабақты ойын түрінде өткізу барысында техникалық құралдарды тиімді қолданды.
Оқушылар идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылады, баға беріп, ұжымдық біліммен түсінікті қалыптастыра білді.