«Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» » КГУ "Школа-гимназия №103" Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№103 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 295-57-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 290-03-80
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел»
14
қыркүйек
2022

«Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел»

Қыркүйек айында сыбайлас жемқорлыққа байланысты жұмыс жоспары жасалып, бекітілді. Мектеп директоры Умурзакова А.К. педагогикалық ұжыммен «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбында жиналыс өткізді. «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізіліп, хаттамалары жазылды. Ата-аналардың бұйырықпен танысқаны туралы қолдары қойылды.

«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықпен, бопсалауды» болдырмаудың алдын алу» тақырыбы бойынша жаңа форматта «аналар»,«әкелер» кеңестерінің отырыстары өткізілді.

Мақсаты: Отбасындағы бала тәрбиесі туралы аналардың пікірін білу, талқыға салу. Әкелердің бала алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Жетісу аудандық ІІБ-ң ЖПҚ ЮПБ бастығы полиция капитаны мектеп инспекторы оқушылармен, педагогикалық ұжыммен кездесу өткізіп, «құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың, бопсалаудың алдын алуда» жүргізіліп жақтан іс-шаралармен танысып, пікір алмасты.

Оқушылармен мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында жиналыс өткізіп, жемқорлыққа арналған заңның орындалуын қадағалау туралы айтып өтті.
«Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында дебат, «Заң талабы заман талабы» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді.

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында 5-9 сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылып,10-11 сыныптар арасында ой толғау (эссе) жазылды.

Ата-аналардан сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде, сауалнамаға 619 ата-ана қатысып, ой бөлісті.

Мектеп оқушыларының арасында бопсалауды болдырмаудың алдын алу мақсатында сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды. Сауалнамаға 1059 оқушы қатысып, ойларын ортаға салды.

Күнделікті оқу процесінде жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі қадағаланып отырады.

Білім беру ұйымдарында ата-аналардан ақша жинау туралы фактілерінің орын алуын болдырмау мақсатында мұғалімдермен, сынып жетекшілермен үнемі жиналыстар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Жемқорлықсыз қоғам-нұрлы болашақ кепілі деп білейік.