12
қыркүйек
2022
«Адал ұрпақ» клубы
Оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп қабырғасында қалыптастырудың маңызы орасан.
Бүгінде Жетісу ауданы #103 мектеп-гимназиясында «Адал ұрпақ» клубы құрылған. Оның құрамына 560 оқушы тартылған. Сондай-ақ, мектеп қабырғасында «Парасатты азамат» бұрышы жұмыс істейді.
Мектебіміздің жанынан құрылған «Адал ұрпақ» клубының мүшелері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу тақырыбында арнайы іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. Бұдан соң, оқушылар жемқорлықсыз әлемге нық қадам басу туралы ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасады. Ұйымдастырушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасы аясында қолға алынған жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын жеткіземіз.
